Көкшетауда шенеунік 2 млн теңге парамен ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкшетауда Бурабай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Елемесов Щучинск қаласындағы автожолдарының бойындағы көгалдандыру бойынша субмердігерлік жұмыстарға қол жеткізуге көмектескені үшін 2 млн теңге көлемінде пара алды, деп хабарлады Сыбьайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының баспасөз қызметінен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Елемесов А.  ұстады.

А.  Елемесов Щучинск қ. автожолдарының бойындағы көгалдандыру бойынша субмердігерлік жұмыстарға қол жеткізуге көмек көрсетуі үшін заңды тұлғадан 2 000 000 теңге көлемінде пара алғаны анықталды.


Қазір Елемесов А. Көкшетау қалалық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.