Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Елемесов А. ұстады.
А. Елемесов Щучинск қ. автожолдарының бойындағы көгалдандыру бойынша субмердігерлік жұмыстарға қол жеткізуге көмек көрсетуі үшін заңды тұлғадан 2 000 000 теңге көлемінде пара алғаны анықталды.
Қазір Елемесов А. Көкшетау қалалық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.