Көкшетауда шығарылған алғашқы мүгедектерге арналған арбалар тапсырылды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда шығарылған алғашқы мүгедек арбасы мүмкіндігі шектеулі жандарға тапсырылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың іс-сапармен Көкшетау қаласына барған кезде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар барысында министр атаулы әлуеметтік көмекті көрсету, халықты жұмыспенқамту, мүгедектікті, еңбекқабілеттілігінен айырылу деңгейін белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларынақатысты атқарылып жұмыстарының барысымен танысты. Осы мақсатта БердібекСапарбаев Көкшетау қаласындағы «Тыныс» акционерлік қоғамының зауытында болып,электр қозғалтқышты мүгедектер арбасын құрастыру жұмыстарына назар аударды.

Кәсіпорынның бас директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, бүгінгі таңдамүгедектер арбасы елімізде мүлдем шығарылмайды. Негізінен Ресей, Қытай жәнеЕуропа елдерінен тасымалданады. Бұл жолғы алғашқысы ҚР Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша жасалып отыр.

«Бұл серуендейтін электр қозғалтқышты мүгедектерге арналған арба. Оныңсалмағы 70 келі шамасында. Арба 15 және 30 шақырымға арналған екіаккумулятормен жабдықталған. Ал, жылдамдығы сағатына 6 шақырымды құрайды»,дейді кәсіпорынның бас директоры ҚайратҚалманбаев.

Зауыт басышылығы атап өткендей, электр қозғалтқышы істен шыққан кездеарбаны қолмен итеріп жүруге де болады. Сондай-ақ, жинап автокөліктің жүксалғышына да салуға ыңғайлы. Қосалқы бөлшектерді де осы кәсіпорыннан алуғаболады. Ересектер мен балаларға арналған бұл мүгедектер арбасының құны шамамен1 миллион теңгені құрайды.


Зауыт ұжымымен кездескен министр Ақмола облысына жұмыс сапарының мақсатытуралы айта келе, Көкшетауда құрастырылатын мүгедектер арбасының мүмкіндігішектеулі жандардың көңілінен шығып, сұраныс артып жатса жаппай тапсырыс беругеәзір екенін атап өтті. Сондай-ақ, шетелден өнім сатып алғаннан гөрі отандықөндірісті дамыту қажеттігіне тоқталды.


«Елімізде 14 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан мүгедектер арбасына зәру.Біз әр 5 жыл сайын бұл арбаларды ауыстырып отыруымыз керек. Яғни, орташа алғандажылына 2 мың арба қажет деген сөз. «Тыныс» зауытында шығарылып жатқан арбамүгедектердің көңілінен шығады деген ойдамыз. Қандайда бір шешім қабылдамасбұрын біз бұл арбаларды мүгедектерге отырғызып, олардың пікірін біліп алуымызкерек. Егер олардың көңілдерінен шығып жатса, әрине, мемлекет тарапынантапсырыс береміз. Бізге әрине, шетелден қымбатқа сатып алғанша, өзіміздешығарылған өнімді кәдеге жаратқанымыз маңызды. Бұл отандық өндірісті дамытуғамүмкіндік берсе, енді бір жағынан жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігінтигізеді», деді Бердібек Сапарбаев зауыт ұжымымен кездесуінде.


Мүгедектерге арналған алғашқы екі арба 1-ші топтағы мүгедектер Щучинск қаласының тұрғыны Динара Әлиева мен 22жастағы көкшетаулық Ерлан Ескенге тапсырылды.


Бұдан кейін, министр Көкшетау қаласында атаулы әлеуметтік көмектітағайындаудың тетіктерін түсіндіру бойынша селекторлы жиын өткізді. Онда Ақмолаоблыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестірубасқармасының басшысы Дина Ахметжанованың есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев Макинск қаласында Бұланды аудандықжұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар