КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70, Ата Заңымыз және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған спорттық каратэден ҚР Чемпионаты өтуде.
Жарысқа Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола облыстары және Алматы қаласынан келген 7 команда, 150 спортшы қатысуда.
Жарыс WKC ережесіне сай 5-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ката және кумитэ әдісі бойынша өтуде.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.