Көкшетауда судьялар қаражатына спорт алаңы салынды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының судьялары өз қаражатына Көкшетау қаласында спорт алаңын салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заманауиспорт алаңы Көкшетаудың 195 жылдығын мерекелеу және Жастар жылы шеңберіндеашылып отыр.

Шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, судьялар менсот жүйесінің қызметкерлерінің игі істеріне алғысын білдірді.

«Бүгін біздің қаламыз үшін ерекше күн. Тамаша спорт алаңыашылуының куәсі болыр отырмыз. Осыдан екі жыл бұрын ҰҚК Департаменті жазғыспорт алаңын ашқан болатын. Енді міне, сол игі іс жалғасын тауып отыр. Алдағыуақытта өзге де департаменттер мен басқармаларды осы ортақ іске атсалысып,дәстүрді жалғастыруға шақырамын», деді аймақ басшысы.

Ал, Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров игі іскеҚазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановтың судьялар менмамандар ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтынұстануды қалыптастыру туралыүндеуі арқау болғанын атап өтті.

Алаңда судьялар түрлі іс-шаралар өткізіп, спортпен белсендішұғылданатын болады.

Бұдан кейін, облыс әкіміне Ақмола облыстық сотында ашылған«фронт-кеңсе» таныстырылды.

Айта кетейік,қала күні Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетініңалдындағы студенттер скверінде воркаут, футбол, хоккей және балалардың ойын алаңдары бар ашық спорткешені пайдалануға берілген болатын.

Соңғы жаңалықтар