Еске сала кетейік, биыл 12 маусымда Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлова өз үйінде өлтірілген болатын. 46 жастағы судьяның денесі жуынатын бөлмеден табылды. Кейін полиция қылмысты жасады деген күдікпен бұрын сотты болған 33 жастағы жиһаз жасаушы жігітті ұстаған еді.
Бүгін Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында бұл істің соңғы нүктесі қойылды. ҚР ҚК-нің 99, 188 және 384 баптары бойынша айыпталған күдікті Медет Əбдрахмановты сот кінəлі деп танып,өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оған қоса, сотталушының зардап шеккен тарапқа моральдық жəне материалдық шығынның орнын толтыру үшін 10 миллионнан астам теңге өтемақы төлейтіні туралы шешім шығарды.