Көкшетауда таңғы ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Фото: Pexels

Көкшетау мектептерінде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Kazinform.

«Ауа температурасының минус 27 градусқа төмендеуіне байланысты 14 желтоқсан күні Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды», — делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.

Айта кетсек, бұдан бұрын Астана мен Көкшетауда екінші ауысым оқушылары үйден оқитынын жазған едік.