Көкшетау мектептерінде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Kazinform.
«Ауа температурасының минус 27 градусқа төмендеуіне байланысты 14 желтоқсан күні Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды», — делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.
Айта кетсек, бұдан бұрын Астана мен Көкшетауда екінші ауысым оқушылары үйден оқитынын жазған едік.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.