Көкшетауда ТҚС жұмысшысы клиентінің көлігін айдап әкеткен

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда техникалық қызмет көрсету орталығы аумағынан «Ланд Крузер» маркалы жол талғамайтын көлікті айдап әкеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоныңмәліметінше, көлігінің жоғалғаны туралы оның иесі шілденің 22-де Көкшетауқалалық ПБ кезекшілік бөліміне хабарласқан. Зардап шегушінің сөзінше, жөндеугеқалдырылған «Ланд Крузер» маркалы жол талғамайтын көлігін облыс орталығындағыТҚС аумағынан айдап әкеткен.


«Полиция дереукөлікті іздестіру шарасын қолға алды. Тәртіп сақшылары бейнебақылаукамерасындағы жазбаны зерттеп, ТҚС жұмысшылары мен клиенттерінен түсініктемеалды. Шілденің 22-де осы қылмысқа қатысты аталмыш ТҚС жұмысшысы, 22 жастағыжергілікті тұрғын ұсталды», деп атап айтты ведомвсто өкілдері.

Қазіргі кезде,күдіктінің үстінен ҚР ҚК 200 бабы (көлік ұрлау) бойынша іс қозғалып, сотқадейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік заңды иесіне қайтарылды.