Көкшетауда тонаушылықпен айналысқан екі адам қолға түсті

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда тонаушылықпен айналысқан екі ер адам қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Аталған қылмыс наурыздың басында орын алды. Зардап шегушiнің сөзіне қарағанда, облыс орталығындағы тұрғын үйлердің бірінің маңында белгісіз екі ер адам оның қолындағы ақша салынған (850 мың теңге) сөмкесін тартып әкеткен.

Жедел іздестіру шарасы барысында наурыздың 27 күні Көкшетау қалалық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері 26 (бұрын сотты болған) және 27 жастағы жергілікті екі ер адамды қолға түсірді», деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде, күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстерінен ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлімі (тонаушылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.