Ведомствоның мәліметінше, 20 мамырда екінші қабаттың терезесінен баланың құлап кеткені туралы хабарлама түсті.
«Төрт жасар бала 10 жасар ағасымен үйде жалғыз қалған. Осы кезде ата-анасы емханаға кеткен. Үлкен ағасы жуыну бөлмесінде болған кезде, бала өздігінен терезеге көтеріліп, байқаусызда терезеден құлап кетті. Құлаған баланың жағдайы тұрақты, дене сынықтары мен жарақаттары жоқ», - деп атап өтті ведомстводан.
Еске сала кетсек, биылғы жылғы 14 мамырда Көкшетауда жетінші қабаттың терезесінен екі жасқа таяған бала құлап кеткен болатын. Ол жедел жәрдем бригадасы келгенше көз жұмды.