Қала прокуратурасы тексеру жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган нарықты тиісінше талдамай, бағаны негіздеместен және жоғарылатылған баға бойынша трансформаторлық қосалқы станцияны сатып алу үшін 1 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын бөлгенін анықтады, деп хабарлайды Kazinform Ақмола облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды. Кінәлі адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.