Ведомствоның мәліметінше, тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде Ақмола облысындағы көңіл көтеру орындарында жұмыс кестесінің сақталуын тексерді. Рейд кезінде өңірдегі 363 көңіл көтеру орны қамтылды. Тексеріс барысында 358 дәмхананың сағат 22:00 жабылғаны белгілі болды. Ал, Көкшетау қаласы мен Жақсы ауданында - 4, Есіл ауданында - 2 нысан түнгі сағат 23:00 жабылды. Бұдан бөлек, Көкшетау қаласында түнгі сағат 01:00-лерде 100-ден астам адам көңіл көтеріп жатқан мейрамхананың ашық тұрғаны анықталды.
«Төтенше жағдай кезінде белгіленген уақытша шектеу туралы талапты орындамаған мейрамхана иесі ҚР ӘҚбК 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді ведомстводан.
Аталмыш бап бойынша 10 АЕК (26,5 мың теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке қамау жазасы қарастырылған.
Қазіргі кезде әкімшілік материалдар процессуалдық шешім шығару үшін сотқа жолданды.