Көкшетауда түнімен жауған жаңбыр аралас қар кептелістер туындатты
10:22, 14 Қазан 2016
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда алғашқы қар түсті. Түнде басталған жаңбыр аралас қар таңға дейін қаланы ақ ұлпаға көмкеріп тастады.
Қазір ауа температурасының көрсеткіші 1 градусты көрсетіп тұр. Осының салдарынан қалада тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасы қиындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қар еріп, үлкен шалшық сулар пайда бола бастаған жолдарда көлік кептелістері туындады.
Синоптиктер түнде ауа температурасы минус 6 градусты көрсететіндігін болжауда. Егер болжам расталса таңертең қала көшелерінде көктайғақ болуы ықтимал.