Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін сағат 14:12 шамасында Әуезов көшесі, 219 мекенжайында орналасқан үйден шыққан.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға аумақтық ТЖД жеке құрамынан 20 қызметкер мен 5 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Сағат 14:22-де өрт толық сөндірілді», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.
Ведомстводан атап өткендей, өрттен зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі мен салдары анықталып жатыр.