Полицейлердің мәліметі бойынша 18 қазанда Атбасар ауданының Хрящевка аулындағы клубта ішімдікке сылқия тойып алған екі ер адам сөзге келіп қалған. Оның бірі 24 жастағы жергілікті тұрғын болса, екіншісі - 47 жастағы көкшетаулық. Екеуара туындаған жанжал барысында көкшетаулық қарсыласының ішіне пышақ сұғып алған. Ауыр жарақат алған 24 жастағы жігіт Атбасар аудандық ауруханасында тілге келместен көз жұмған. Жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті Атбасар аудандық ІІБ қызметкерлерімен Көкшетау қаласында ұсталды. Қазіргі кезде күдікті кінәсін толық мойындап, оның үстінен ҚР ҚК 106 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
16:35, 21 Қазан 2015
Көкшетауда үш күн бұрын 24 жастағы ер адамды пышақтап кеткен күдікті қолға түсті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетауда құқық қорғау органдарының қызметкерлері осыдан үш күн бұрын Атбасар ауданында адам өлтірген 47 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.