Ведомствоның мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 6 қаңтарында Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 30 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, қаңтардың 5-6 күндері пәтерін белгісіз біреулер тонап кеткенін айтқан.
Зардап шегушінің сөзінше, ұрылар пәтердің пластик терезесін бұзып кіріп, 800 АҚШ доллары мен алтын бұйымдарын қолды қылған. Шығын көлемі 500 мың теңгені құрап отыр.
«Жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті, Екібастұз қаласының 29 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Күдіктінің үш күн ішінде 6 пәтер тонау қылмысына қатысы бары анықталды», - деді ведомстводан.
Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 188 бабы (тонау) бойынша іс қозғалып, сотқа сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.