Көкшетауда ұсталған екі жігіттен 1 келіден астам есірткі тəркіленді

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Көкшетауда ұсталған екі жігіттен салмағы 1 келіден астам есірткі заты тəркіленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Көкшетау қаласындағы жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері кіші сержант Дулат Ахметов пен күзет қызметкер Горький жəне Красная көшелерінің қиылысында күдікті екі жігітті тоқтатқан. Олардың құжаттарын тексеру кезінде масаң күйде болғаны анықталды. Кейін медициналық тексеріс барысында олардың есірткі заты марихуана масайғаны анықталды. Оған қоса, күдіктілердің спорттық сөмкесінен салмағы 1 келіден асатын 80 бума марихуана тəркіленді.

«Қазіргі кезде, күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 296 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласының Абылай хан даңғылындағы сауда үйлерінің бірінің маңында ер адам ұсталды. Оның қалтасынан да жарты келідей марихуана табылды.