Көкшетауда жаңа екі аллея мен екі балалар алаңы ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күні Көкшетау қаласында жаңа аллея мен балалар мен спорт алаңы ашылды. Жаңадан ашылған нысандарды аймақ басшысы Мәлік Мырзалин аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолы қаланың орталығындағы Абай көшесінің бойында ашылған «Жастар» аллеясында қала тұрғындары демалып қана қоймай, спортпен де шұғылдана алады.  Мұнда тротуар,  орындықтар, спорт алаңдары қарастырылған. Сондай-ақ, ағаш көшеттері отырғызылып, көше жаттығуына арналған спорттық құралдар орнатылды.

Сонымен қатар, Привокзальный шағын ауданында «Теміржолшылар» аллеясы ашылды. Мұнда да тротуар,  орындықтар, спорт алаңдарымен қоса шағын сәулет ескерткіштері қарастырылған.

Ал, Васильковка шағын ауданы мен Ілияс Есенберлин көшесінің бойында көше жаттығуы саналатын street-workout алаңы бар қазіргі заманға сай жабдықталған балалар алаңы пайдалануға берілді.