Мерекелік шараны тамашалауға қала тұрғындары мен мектеп оқушылары көптеп жиналды. Күннің суықтығына қарамастан, салтанатты шараға балалардың дені Жаңа жыл мерекесіне сай киініп келіпті.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Сергей Кулагин көкшетаулықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтай келе, биылғы жылды табысты аяқтап, алдағы жылы жақсылықтарға жетулеріне тілектестігін білдірді.
Аймақ басшысының құттықтау сөзінен кейін шырша шамы жағылып, аспанға түрлі түсті отшашу атылды. Тəуелсіздік алаңына салынған мұз қалашығы осы күндері көкшетаулықтардың баратын ең сүйікті орнына айналып отыр.