«Кешкі сағат 20:44-терде «Көктем» шағын ауданында салынып екі қабатты «Хан Сарай» мейрамханасының төбесінен өрт шыққандығы туралы ақпарат түсті. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 47 қызметкер және 12 техника жұмылдырылды. Оқиға орнынан 5 адам эвакуацияланды. Өрт сағат 21:05 ауыздықталып, 21:18 толық сөндірілді. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Одан зардап шеккендер жоқ», - деді Ақмола облысының ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.
22:33, 11 Ақпан 2020
Көкшетауда жаңадан салынып жатқан мейрамханадан өрт шықты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жаңадан салынып жатқан мейрамхананың төбесінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.