Көкшетауда жанар-жағар май құю стансасын тонап кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда оператордың сыртқа шыққан сəтін пайдаланған ұры жанар-жағар май құю стансасын тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша ақпанның 3-і күні кешкілік уақытта Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне қаланың ортасындағы жанар-жағар май құю стансасының операторынан арыз түскен. Арызданушының сөзінше, белгісіз біреулер оператордың жоқтығын пайдаланып стансасының аумағына кіріп, кассадағы ақшаны жымқырып кеткен.

"Осыған байланысты ҚР ҚК 188 бабының 1 бөлігі бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіні ұстауға Көкшетау қалалық ІІБ жеке құрамы тартылды", деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.