Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін 16 ақпанда Көкшетау қаласының Солтүстік индустриялық аймағындағы «Qazaqoil» жанар-жағармай құю стансасының аумағында болған.
Жанармай тасымалдайтын екі цистерна жанып кетті.
«Өрт 11:05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толық жойылды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жанармай құю бекетінің операторы 1988 жылғы ер адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, мұның алдында «Астана-Петропавл» тасжолында көлік өртеніп кеткен еді.
Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі