- Балалардың жаз мезгіліндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін биыл «Жас құтқарушы» республикалық жарысын Көкшетауда өткізуді жоспарлап отырмыз. «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында 29 мамырда «Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбымен министрліктің барлық аумақтық бөлімшелерінде балалар мен ата-аналарға арналған іс-шаралар мен шеберлік-сыныптары ұйымдастырылады, - деді Шыңғыр Әрінов.
\Министрлік әкімдіктермен бірлесіп балаларды жүзу дағдыларына үйрету сабақтары өткізбекші.
- Қазір «Ұлттық бірыңғай тестілеу» мен «Мектеп бітіру кештерінің» қауіпсіз өткеруге дайындық жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, балалар лагерлерінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін және жағажайларға қойылатын талаптардың сақталуын тексеру басталды, - деді министр.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі бойынша, биыл 92% оқушы лагерьмен қамтылады.