Көкшетауда жас өрт сөндірушілердің халықаралық слеті өтіп жатыр

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 1-ші халықаралық өрт сөндірушілер слеті өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шілденің 15-19 аралығында өтетін слетке еліміздің қалаларымен облыстарының 14 команда және Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінен келген шетелдік командалар қатысуда.Жеңімпаздар «Таныстыру», «Өрт сөндіруэстафетасы», «Newspaper-Billboard», «Алғашқы көмек көрсету», «Техногенді апатаймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары», «Табиғи орта жағдайындағыіздестіру-құтқару жұмыстары», «Су акваторийлеріндегі құтқару жұмыстары»кезеңдер бойынша анықталатын болады.


Тәуелсіздік алаңында өткен шараның ашылуы рәсіміне ҚР ІІМТөтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер, Ақмола облысы әкімініңорынбасары Айна Мысырәлімова және Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінен келген делегация басшылары қатысты.Жиналғандарды Ақмола облысы әкімі Е.Маржықпаевтың атынан 1-ші халықаралық жасқұтқарушы-өрт сөндірушілер слетінің ашылуымен облысы әкімінің орынбасары АйнаМысырәлімова құттықтады.


«Соңғы кезде өңір жастарының арасында өндіруші мамандығынадеген қызығушылық артып келеді. Жыл сайын Ақмола облысының құтқарушыларыкөптеген адамдарды табиғат апаттарынан құтқарып, өмірлеріне араша түсуде.Бүгінгі слет келешек өрт сөндірушілерді тәрбиелеуде маңызы зор» - деді АйнаМысырәлімова.

Шарада аталып өтілгендей, мұндағы басты мақсат - балалардыңбойында қауіпсіздік мәдениетін тәрбиелеу, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығыныңбеделін арттыру, жұмыс тәжірибелерімен алмасу болып табылады.