КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жас жұбайлардың дүркіретіп жасаған үйлену тойында карантиндік талаптардың сақталмағаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, «Шалқар» мейрамханасында өткен тойда 15 үстел ұйымдастырылған. Көпшілік жиналған шарада Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысындағы карантиндік талаптары мүлдем сақталмаған.
«Бұл күн отау құрып отырған жұп үшін де, ұйымдастырушылар үшін де есте қалатын болады. Ықпал ету шаралары қолданылады. Бұл кеш үшін адамдар денсаулығымен емес, айыппұл ғана төлеп құтылады деп үміттенеміз», - дейді ведомстводан.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.