Көкшетауда жасөспірімдер арасында суда жүзуден Ақмола облысының ашық чемпионаты жалауын көтерді

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 1997-98 жылы туылған жасөспірімдер арасында суда жүзуден Ақмола облысының ашық чемпионаты ашылды.

«Бурабай» спорт сарайында өтіп жатқан жарысқа Көкшетау қаласындағы олимпиадалық резервтерді дайындайтын нөмір 4-ші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Степногордегі «Бөгембай батыр» атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты, Ақкөл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және «Бурабай» спорт сарайында тәлім-тәрбие алатын барлығы 96 жасөспірім қатысып, бақтарын сынауда.

Чемпионаттың ашылу салтанаттында сөз сөйлеген «Бурабай» спорт сарайының директоры Ерлан Ботембаев, жарыстың бас төрешісі Джанне Зайцева қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Сайыс еркін, брасс, баттерфляй әдісі бойынша 50-200 метр аралығындағы қашықтыққа жүзу арқылы өтпек.