«23 қарашада кешке қарай Көкшетаудағы жатақхананың бірі өртенді. Өрт сөндірушілердің ширақ қимылының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 27 қызметкері және 8 арнайы техника жұмылдырылды. Арада 20 минут өткен соң өрт толығымен сөндірілді», - деді Көкшетау қаласы ТЖ басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.
Анықталғандай, жатақхана бөлмесіндегі заттар мен жиһаз өртенген.