Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қарашада таңғы сағат 05:53 шамасында Көкшетау қалалық ПБ жедел басқару орталығына Әуезов-Подгорная көшелерінің қиылысында, яғни Краснояр бағытында автобус аялдамасына «Мерседес – ML-320» көлігі соғылып, артынша өртенген.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Өртті сөндіру барысында көлік салонында ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды. Полиция басқармасы осы дерек бойынша тексеруді бастады. Көлікте көз жұмған ер адамның жеке басы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.