Әзірленген техникалық-экономикалық негіздемеге (ТЭН) сәйкес электр станциясының мынадай техникалық көрсеткіштері көзделеді: электр қуаты – 240 МВт, жылу қуаты – 520 Гкал/сағ. Құрылыстың жалпы құны 239 млрд теңгеден асады.
«Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі жоба бойынша тендерлік құжаттаманы әзірлеуде. Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 312 бұйрығымен бекітілген Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына тендер өткізу қағидаларының редакциясына сәйкес тендерді 2023 жылғы қаңтарда өткізу жоспарланған», - деп жазды ведомство.
Тендер өткізу туралы хабарландыру және тиісті тендерлік құжаттама Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында қосымша орналастырылады.
Фото: gov.kz