Көкшетауда жылу тарифі кімдер үшін және қаншалықты өзгерді
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Көкшетауда биылғы жылыту маусымында жылу ақысы сәл қымбаттады. Бірақ бұл өсім қала тұрғындарының барлығына әсер етпейді.
«Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, пәтерінің ауданы 100 шаршы метрден аспайтын тұрғындар үшін тариф өзгеріс қалады. Ал одан асатындар үшін тарифі жоғары болады.
Жылу энергиясын есептеу аспаптары бар тұрғындар үшін тарифтер;
1 кіші топ бойынша (100 шаршы метрге дейін) іс жүзінде қолданыстағы тариф бойынша - 2 191,06 теңге/Гкал - пәтер үшін жылытылатын ауданы 84,5 шаршы метрді есептеу 3 883,31 теңгені құрады. Осы кіші топ бойынша жылытылатын алаңның 100 шаршы метрге дейін тариф 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап бұрынғы деңгейде қалады, яғни 2 191,06 теңге/Гкал.
2 кіші топ бойынша (100-ден 200 шаршы метрге дейін) 2024 жылғы қаңтарда 2 191,06 теңге/Гкал тарифі бойынша жылытылатын ауданы 146,1 шаршы метр пәтер үшін есептеу 6 714,29 теңгені құрады.
Бекітілген тарифтерге сәйкес тариф 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап тариф 2 410,16 теңге/Гкал құрайды, күтілетін есептеу 7 385,63 теңге болады, бұл нақты есептеуден 10 пайызға жоғары.
3 кіші топ бойынша (200 шаршы метрден астам) 2024 жылғы қаңтарда 2 191,06 теңге/Гкал тарифі бойынша жылытылатын ауданы 259 шаршы метр пәтер үшін есептеу 11 902,71 теңгені құрады. Осы кіші топ бойынша бекітілген тарифтерге сәйкес тариф 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап 4 472,73 теңге/Гкал құрайды, күтілетін есептеу 24 297,63 теңге болады, бұл нақты есептеуден 104 пайызға жоғары.
Жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұрғындар үшін тарифтер;
1 кіші топ бойынша (100 шаршы метрге дейін) іс жүзінде қолданыстағы тариф бойынша – 127,86 теңге/шаршы метр - пәтер үшін жылытылатын ауданы 84,5 1 шаршы метрді есептеу 10 804,17 теңгені құрады. Осы кіші топ бойынша жылытылатын алаңның 100 шаршы метрге дейін тариф 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап бұрынғы деңгейде қалады, яғни 127,86 теңге/шаршы метр.
2 кіші топ бойынша (100-ден 200 шаршы метрге дейін) 2024 жылғы қаңтарда жылытылатын ауданы 146,1 шаршы метр пәтер үшін есептеу 18 680,35 теңгені құрады. Осы кіші топ бойынша бекітілген тарифтерге сәйкес тариф 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап 140,64 теңге/шаршы метрді құрайды, яғни, 20 547,5 теңге болады, бұл нақты есептеуден 10 пайызға жоғары.
3 кіші топ бойынша (200 шаршы метрден астам) 2024 жылғы қаңтарда жылытылатын ауданы 259 шаршы метр пәтер үшін есептеу 33 115,74 теңгені құрады. Осы кіші топ бойынша бекітілген тарифтерге сәйкес тариф 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап 261 теңге/ шаршы метрді құрайды, яғни, 67 599 теңге болады, бұл нақты есептеуден 104 пайыз жоғары.
Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетау қаласының жылыту маусымына дайындығы туралы жазған едік.