КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда маршрутты автобус өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Көкшетауда сағат 18:25 шамасында №7 маршруттағы автобус өртенген.
«Автобус салонында жүргізушіден бөлек, 10 жолаушы болған. Олардың барлығы сыртқы шығып үлгерді», - деп түсіндірді ведомстводан.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, өрт қоғамдық көліктің қозғалтқышындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.