Көкшетауда жыл басынан бейне камералардың көмегімен 90 қылмыс ашылды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда "Қауіпсіз аула" жобасы аясында 104 тұрғын үй бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, облыс орталығындағы 25 тұрғын үй ауласына 25 бейнебақылау камерасы орнатылған.

"Қауіпсіз аула" жобасы қысқа мерзім ішінде өзінің тиімділігін көрсетті. Бейнебақылау камералары орнатылған жерлерде қылмыс пен заңбұзушылықтың саны азайғаны байқалады. Жалпы қала бойынша қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету 116 бейнебақылау камерасы арқылы жүзеге асырылады. Оның 20-сы халық көп жиналатын жерлерде,  71-сі көше қиылыстарында жəне 25-сі адамдар баратын ғимараттарда орнатылған. Бүгінгі күні қала бойынша "Қауіпсіз аула" жобасы аясында 104 тұрғын үй бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Осының арқасында жыл басынан бері 90 қылмыс пен 10952 құқықбұзушылықтың беті ашылды", деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар