КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда өрт қауіпсіздігі техникасының сақталмауынан екі төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін облыс орталығындағы Солтүстік өнеркәсіп аймағындағы бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында қатты отынмен жағылатын қазандық жарылды. Салдарынан 65 жастағы жұмысшы 1-ші дәрежелі күйік алып, ауруханаға түсті. Соңғы мәлімет бойынша, пеш жағуда қауіпсіздік ережесі сақталмаған» деді ведомстводан.
Сонымен қатар, облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде газ баллоны жарыла жаздады.
Абырай болғанда, пәтер иесі баллонды сыртқа шығарып, өрт сөндірушілерге келгенше баллонға көбік шашып үлгерді.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.