Көкшетауда жылыту маусымы күн жылынғанға дейін жалғасады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жылыту маусымы күн жылынғанға дейін жалғасатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, қаладағы жылыту маусымы ауа райына байланысты 1 мамырда аяқталмайды, яғни тәуліктік орташа температура 8/ 10 градус шамасында тұрақталғанға дейін жалғасатын болады.

Қазіргі уақытта облыс орталығында ауа температурасы минус - 2 градус шамасында.

Еске сала кетейік, сәуірдің 29-нан 30-на қараған түні Ақмола облысының солтүстік өңірлерінде, атап айтқанда, Көкшетау қаласында қар жауды. «Қазгидромет» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалы мәлім еткеніндей, 1 мамыр күні кей жерлерде жауын-шашын болуы ықтимал.

Автор: Оксана Матасова