Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер 2004, 2006, 2007, 2010, 2011, 2013 жылғы балалар, сондай - ақ, 1976 және 1980 жылғы ересектер.
«Алты баланың 16 ,14 және 7 жастағы үшеуі жансақтау бөлімшесінде жатыр. Олардың денесінің күйік шалу деңгейі 50, 40 және 25 пайызы», - деп айтты ведомствоның баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.
Айта кетейік, 20 желтоқсан сағат 21:14 шамасында Васильковска шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатытндағы пәтерде газ баллоны жарылған болатын. Одан сегіз адам зардап шегіп, (оның алтауы бала) ауруханаға жатқызылды.