Шараға қатысқан аймақ басшысы Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, ұлы данышпанның мерейтойы шеңберінде оның шығармашылығын насихаттау жұмыстар кең ауқымда жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
«Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өңірде биыл мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Абайдың шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бабаларымызға көрсеткен құрмет ретінде облысымыздың екі мектебіне Абай және Әл-Фарабидің есімдері берілді. Степногорск қаласының төрт мектебі тарихи тұлғалардың есімдерімен қайта аталды. Ұлы тұлғаларымыздың есімдері одан әрі насихаттала береді», - деді аймақ басшысы.
Шара барысында жиналғандар мектеп жанындағы Абай аллеясында тал отырғызды.