Көкшетаудағы орта мектепке 18 миллионнан астам теңгенің сертификаты тапсырылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетауда педагогика қызметкерлерінің дәстүрлі тамыздық пленарлық кеңесі өтті.

Оған ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, облыс әкімі Сергей Кулагин мен оның орынбасарлары, өңірдегі аудандар мен қалалардың әкімдері, салалық департаменттер мен басқармалардың басшылары, жергілікті білім ордаларының басшылары мен ұстаздары қатысты.

Шара барысында өңір басшысы 2015 жылдың қорытындысын шығарып, жаңа оқу жылында алда тұрған міндеттерді белгіледі.

Салтанатты жағдайда ең үздік ұстаздар мен білім ордалары облыс әкімінің алғыс хаты, ақшалай сыйлықтармен марапатталып, оларға құрмет көрсетілді. Оның ішінде «орта білім беретін үздік ұйым» облыстық байқауында топ жарған Көкшетау қалалық  №6 орта мектебіне 18 287 200 теңгенің сертификаты тапсырылды.