Көкшетаудағы Ш.Уәлиханов атындағы университетке жаңа ректор тағайындалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне жаңа ректор тағайындалды.

Бұл туралы аталған университеттің құжаттама бөлімінің қызметкері Гүлбара Жалғасқызы мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгін ресми түрде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жаңа ректоры болып Әбдімүтәліп Әбжаппаров тағайындалды. Ал, аталған университетінің бұрынғы ректоры Сағынтай Елубаев зейнет демалысына шығуына байланысты қызметінен босатылған.

Еске сала кетсек, Сағынтай Елубаев Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде ректоры болып 1 жыл 8 ай қызмет істеген болатын.