Дельфийлік ойындар талантты жастарды іздеп табу мен қолдау және олардың шығармашылық қабілеттерін іске асыру мақсатында елімізде 2000 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл жолы 10-25 жас аралығындағы бозбалалар мен бойжеткендер классикалық, халықтық және замануи өнер түрлерінен 14 номинация бойынша сынға түседі.
Оған облыстың 9 ауданынан және Көкшетау қаласындағы білім ордаларынан талантты деген 188 жас қатысуда. Жеңімпаздар республикалық ұлттық жастар делфийлік ойындарында бақ сынайтын болады.