Жәрмеңкеге Ақкөл, Атбасар, Астрахан, Бұланды аудандары және облыс орталығындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты.
Облыстық өнеркəсіп жəне кәсіпкерлік басқармасының мәліметі бойынша, бұл жолы жәрмеңкеге 35 түрлі азық-түлік әкелінген. Олардың жалпы құны 43,1 миллион теңгені құрайды.
"Жəрмеңкеге 21,4 тоннаға жуық ет пен шұжық, 4,2 тонна балық, 13,4 мың дана жұмыртқа, 26,2 тонна ұн мен макарон, 2,5 тонна картоп, 2,7 тонна көкөніс, 8 мың литр күнбағыс майы, 7 тоннадан астам сүт және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді. Ал ұсынылған азық-түлік бағасы қала базарлары және дүкендерімен салыстырғанда 15-20 пайыз арзанға сатылды", деп түсіндірді басқарманың баспасөз қызметі.