Көкшетаудың 195 жылдығына орай көпбалалы аналар марапатталды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласының 195 жылдығы күні бір топ ақмолалық көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы орталығының 195 жылдығына арналған «Арқаның кербез сұлуКөкшетауы» атты салтанатты шара өтті. «Көкшетау» мәдениет сарайындаұйымдастырылған шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, құттықтау сөзсөйледі.

«Көкшетау ертеден еліміздің тарихи, рухани мекендерінің бірі. Көптегенқоғам қайраткерлерінің өмірі Көкшетаумен байланысты. Біздің қала – тек осықаланың тарихында ғана емес, республиканың тарихына ізін қалдырған таланттармен еңбекқор адамдардың Отаны. Солардың қатарында Шоқан Уәлиханов, Ақан сері,Біржан сал, Науан Хазрет, Мағжан Жұмабаев, Мәлік Ғабдуллин сияқты көптегентұлғалар бар. Қаланың басты құндылығы, ол оның тұрғындары. Бүгінгі таңдақаламыз қарқынды даму үстінде, күн сайын көркейіп келе жатыр. Қала тұрғындарыдемалып, жасыл аллеялар мен әдемі гүлзарларды тамашалай алатын алаңдар,саябақтар мен скверлер көркейді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңадемалыс орындары ашылды. Соңғы екі жылда біз Теміржолшылар, Жастар аллеяларын,Сәдуақасов көшесі бойындағы аллеяны, тамашалау алаңын, Студенттер саябағын,Станционный кентіндегі саябақ аймағын аштық.

Дәл көкшетаулықтар ғана қажырлы еңбегімен қаламызды осы деңгейгекөтеріп, туған өлкеде тұрақтылық пен игілікті қамтамасыз етіп отыр. Бұл залдақұрылысшылар, дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпкерлер мен басқа да кәсіптің иелерібар. Олардың бәрі Көкшетаудың гүлденуіне өз үлесін қосып жүр. Осы туған жергедеген сүйіспеншілік бізді біріктіреді. Бүгінгі мерейлі мереке күні Көкшетауқаласын дамытудағы Сіздердің еңбектеріңіз бен баға жетпес көмектеріңіз, туғанқаламызға деген шынайы махаббаттарыңыз үшін алғысымды білдіремін», деді қалаәкімі Е.Маржықпаев.

Аймақ басшысы атап өткендей, соңғы 5 жылда облыс экономикасындаөнеркәсіп секторында инвестиция және еңбекақы көлемі төрт есеге өскен. Осыжылдары баспана беру көрсеткіші 1,6 есеге (2014 жылы 105,9 мың шаршы метрден 2018жылы 164,5 мың шаршы метрге) артты. Барлығы 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.Биылғы жыл басынан бері бұл көрсеткіш 1000 құрады.


Салтанатты шара барысында аймақ басшысының қолынан 7 бала тәрбиелепотырған Оразқан Әжіқан «Алтын алқа», 6 баланың анасы Сәуле Ақыбаева мен АйсұлуБимендина «Күміс алқа» төсбелгісін алды.

Бұдан бөлек, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан облысорталығының 6 тұрғыны «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.

Сонымен қатар, бір топ адам Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевжәне Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайыловтың Алғыс хаттарыменмарапатталды.

Мерекелік шара жергілікті көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасынаұласты.

Соңғы жаңалықтар