Көкшетаудың 195-жылдығында әлемнің екі бірдей рекорды орнатылды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың 195-жылдығында әлемнің екі бірдей рекордты орнатылды. Бұл ресми түрде Гиннестің әлемдік рекордтар кітабында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Краснояр кентіндегі «Құлагер»атшабарында Көкшетау қаласының195-жылдығына арналған құрақ көрпе тігуден «Құрақ көрпе Fest» фестиваліөтті. Оған қала тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелермен кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.

Фестиваль барысында екі бірдей рекорд орнатылды. Оның бірі, құрақкөрпеден жасалған 33 метр шеңбер болса, екіншісі ұзындығы 11120 метр құрақкөрпе Гиннестің рекорттар кітабынаенгізілді.

Шараға Гиннестің әлемдік рекордтарын ұйымдастырудағы ресми төрешімәскеуден келген Влад Кабулов қатысып, арнайы сертификаттарды аймақ басшысы Ермек Маржықпаевқа тапсырды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесініңтөрайымы Зере Қиықованың айтуынша, құрақкөрпені жасауға 2 ай уақыт кеткен.

«Көкше өңірі ақындық, әншілік өнерімен ғана танымал емес, қол өнеріменде әйгілі. Өңірде он саусағынан өнертамған Үкіжан Ементаева сияқтықөлөнердің хас шеберлері бар. Осындай шеберлеріміздің арқасында сүйіктіКөкшетау қаламыздың 195 жылдығына ерекше тарту жасап отырмыз», деп атап өттіЗере Қиықова.


Соңғы жаңалықтар