Көкшетаудың 195 жылдық мерейтойына білім ошағы тарту етілді

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда қаланың 195 жылдық мерейтойына тарту ретінде 280 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңадан салынған №20-шы «Zerek»​балабақшасының пайдалануға берілуіне байланысты ұйымдастырылған ашық есіккүніне аймақ басшысы Ермек Маржықпаев​ пен қала тұрғындары қатысты.

Жиналғандар алдында құттықтау сөзсөйлеген Ермек Маржықпаев бұл жақсылықтың «Балапан» мемлекеттік бағдарламалар шарапатының арқасында екендігін айтакеле, алдағы оқу жылы осында баратын бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарынқуаныштарымен құттықтады.

Жиналған қауым ішке еніп,бүлдіршіндердің жатқа оқыған өлеңдері мен әсем әндеріне құлақ түрді. Өзкезегінде ата-аналар да облыс басшылығының атына осынау қамқорлықтары үшіншексіз ризашылық сезімін білдірді.

Балабақша меңгерушісі БануНүпілованың айтуынша,​ 280 орынға шақталған мектепке дейінгі білім берумекемесінде 12 топ қарастырылған. Мұнда бүлдіршіндердің интеллектуалдық дамуынабарлық жағдай жасалған. Балабақша ақпараттық-коммуникациялық технологиясы,​денсаулықтық қорғау және сауықтыру технологиясы,​ үштілді, балалардыңғылыми-экспериментальды жұмысы,​ қосымша білім (бейнелеу өнері, хореография)сияқты бес бағытта жұмыс істейді. Заманауи кабинеттер, көркем әдістемелер,төсек-орындар мен асхана. Бұлардың барлығы балалардың жан-жақты қалыптасуларыүшін арнайы есептелген.

«Бүгінгі күні елімізде балалардыңсапалы тәлім-тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалуда. Осы бағытта еліміздің әрөңірінде балбақшалар мен мектептер көптеп салынуда. Әсем қаламыз Көкшетаудың195 жылдық мерейтойын мерекелеу шеңберінде бүгінгі есігін айқара ашып отырғанбалабақша соның бір айғағы іспеттес», дейді балабақша меңгерушісі БануНүпілова.



Соңғы жаңалықтар