КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр елді мекенін жылумен қамтамасыз ету мақсатында салынған блокты модульді жаңа қазандықты іске қосты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қолға алынған қазандық қазіргі заманғы технология бойынша салынған. Түтін шығатын екі мұржа, 3 сумен жылытатын, 3 су жылытқыш қазандық, жылу желісі, көмір және дизельді электростанция орнатылыпты. Нысанның құрылысы 852,5 миллион теңгеге бағаланып отыр.
«Қазандықты іске қосу алдағы жылу беру маусымы кезінде 23 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 заңды, 6 әлеуметтік-мәдени нысанды жəне 2,5 мың абонентті жылумен жабдықтауға мүмкіндік береді», деді Сергей Кулагин.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.