Көкшетаудың коммуналдық жүйелерін жөндеуге бюджеттен 2,7 миллиард теңге ескерілген

None
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Көкшетау қаласының ауызсу және кәріздік жүйелерін ретке келтіру мақсатына республикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге қарастырылған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл үш жылдық бағдарламаның бастамасы ғана»,- дейді «Көкшетау Су арнасы» мемлекеттік- коммуналдық кәсіпорынының өңдірістік-техникалық бөлім бастығы Александра Позигунова.Жылдар бойы қордаланып қалған техникалық және әлеуметтік тығырықтан шығу жолында көктем мезгілінде 22,9 шақырым су, 37 шақырым кәріздік жүйе құбырлары, бірқатар техникалық жарақтар алмастырылады. Оның сыртында қала ішінде он мың суағар болса, оның басым бөлігі қолданысқа жарамсыз. Ол да шебер қолды қажетсінуде. Облыс орталығына ауызсу Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Сергеев су қоймасынан 180 шақырымдық құбырмен жеткізіледі. Бұл бағытта да бірқатар жөндеу және қалпына келтіру шаралары белгіленген.