Павел Демян жергілікті «Оқжетпес» ФК стадионының алаңына жаңадан төселген жасаңды жамылғының сапасы мен талапқа сай болуын бақылап көрді. Инспекция шешімімен жаңа футбол алаңының Қазақстанның кәсіби футбол лигасының талабына сай деп бекітілді.
Бұл игі іс Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қолдауының арқасында жүзеге асырылып отыр. Аймақ басшысы «Оқжетпес» стадионына жасанды жамылғыны төсеу процесстерін бастан-аяқ өз бақылауына алып, қадағалап отырды.
Мәлік Кеңесбайұлы бірнеше рет стадионда болып, жөндеу жұмыстарының сапасы мен қарқынын бақылады.
Нәтижесінде Көкшетаулықтар сүйікті командасының ойынын өздерінде тамашалай алатын болып отыр.
ҚР Премьер лигасының 30-турында «Оқжетпес» футболшылары өз алаңында «Тараз» командасын қабылдайды. Кездесу 15 қазан күні сағат 15:00 басталады. Стадионға кіру тегін.