Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласының санитарлық аймағындағы периметрлер бойынша 6 санитарлық пост қойылып, 48 қызметкер мен 6 техника тартылған.
«Қарашаның 13-і кешкі сағат 20:00 ден бастап қарашаның 14-і сағат 20:00 аралығында санитарлық постардан 8777 автокөлік тексерілді. Оның ішінде 7912 жеңіл автокөлік, 271 жолаушылар автокөлігі, автобустар, 594 жүк көліктері. 321 көлік арнайы тұраққа қойылды. 17274 жолаушы тексерілді. Коронавирус инфекциясының белгілері табылған жоқ», - дейді ведомстводан.