Көкшетауға 195 жыл: Полипропилен қаптарын шығаратын кәсіпорын іске қосылды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаудың 195 жылдығына тарту ретінде полипропилен қаптарын шығаратын «Kokshe city» ЖШС-нің жаңа өндіріс цехы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Асыл арман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанынан ашылғанкәсіпорында сыйымдылығы 50-70 келі полипропилен қаптары шығарылады.

Кәсіпорын басшысы Рүстем Усмановтың айтуынша, жаңа цехты ашу үшін 564миллион теңге қаржы құйылған. Оның 200 миллион теңгесін серіктестік өзқалтасынан салып отыр. Барлығы 80 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорынныңжоба бойынша қуаты 175 мың келі қап шығаруға жетеді. Бұл қаптар Қазақстаннанбасқа ТМД елдері, Ресей және Қырғызстанда үлкен сұранысқа ие.

«Соңғы жылдары елімізде шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірікәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан көңіл бөлінуі біздің іскерлікбелсенділігімізге үлкен қолдау болып, өндірісіміздің экономикалық жағынанөркендеуіне үлкен үлес қосып отыр. Бүгінгі күні кәсіпорынымызда 80-ге жуықбіліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Фабрика айына 175 мың келіге жуықберіктілігі жоғары қаптар тігеді. Дайын өнім негізінен елімізге, одан қалдыҚазақстаннан бөлек, Ресей және Қырғызстан елдеріне экспортқа шығарылады», дейдіКәсіпорын басшысы Рүстем Усманов.

Кәсіпорын жұмысымен танысқан Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевұжымды Көкшетау қаласының 195 жылдығымен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі.Сондай-ақ, Ақмола облысындағы кәсіпорындардың экспорттық әлеуеті зор екенінатап өтті. Әсіресе, экспортпен айналысатын кәсіпорынның сыртқы саудада жаңанарыққа шығуына, көрші және Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен саудабайланыстарын нығайтуға атсалысатындығын жеткізді.

Айта кетейік, алғашында «Новопэк» кейін, «Асыл арман» болып атауыөзгертілген серіктестік Көкшетаудағы іргелі кәсіпорындардың бірі саналады. Бүгінгітаңда кәсіпорында полиэтилен, полипропилен және кальций карбонатынан жоғарысапалы әрі мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сай түрлі қаптар мен«Биг-бэг» контейнерлері шығарылады.

Соңғы жаңалықтар