Көкшетауға SCAT әуе компаниясының Boeing-735 ұшағы қатынайды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Жолаушылардың көбеюіне байланысты SCAT әуе компаниясы 17 маусым мен 31 тамыз аралығында Ақтау мен Шымкент қалаларына қатынайтын рейстерге жолаушылар орындарының санын арттыруды қолға алды.
Енді рейстер осыған дейін 50 орынның орнына 125 орындық ұсынатын Boeing-735 ұшағы арқылы жүзеге асырылатын болды. Ақмола облысы Туризм басқармасының мәліметінше, рейстер дүйсенбі мен бейсенбі күндеріне жоспарланған. Бұл жолаушыларға ыңғайлылық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
«Рейстер санының артуы ішкі туризмнің одан әрі дамуына ықпал етеді. Сонымен бірге, бұл қадам Ақмола облысының әсем де, сұлу табиғатын көргісі келетін туристерді тартуға зор мүмкіндік береді», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Алматыдан Алакөлге аптасына бес рет ұшақ қатынайтынын жазған едік.